Шаңғымен тұғырдан секіру: Әлем кубогы кезеңіндегі қазақстандықтардың нәтижесі қандай
Инсбрук (Австрия) қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайыстың финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының екі спортшысы қатысты.
Нәтижесінде Илья Мизерных 20-орынды иеленді. Данил Васильев 33-ші болды.
Айта кетейік, бұл кезең алдыңғы екі кезең сияқты «Төрт тұғыр турына» кіреді. Турнирдің аяқталуына дейін бір Әлем кубогының кезеңі қалғанда Мизерных жалпы есепте 22-ші орында, ал Васильев - 38-ші орында келе жатыр.
Айта кетейік, жалпы рейтингте словакиялық Домен Превц көш бастап тұр.
Олимпиада-2026: Қазақстан туын кім ұстайды? Министрлік күтпеген мәлімдеме жасады
Қазақстандық спортшылар төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді
Қысқы Олимпиада ойындарына дайындалу үшін 13,2 млрд теңге бөлінген
Қазақстандық спортшылар Германиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті