Немістің жас талантты ойыншысы болашақта «Реалға» ауысуды қалайды
«Бавария» футбол клубының 17 жастағы талантты футболшысы Леннарт Карл өз арманы жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жас футболшы болашақта мадридтік «Реалға» ауысуды қалайтынын мәлімдеді:
«Арамызда қалады деп үміттенемін. «Бавария» – ұлы клуб. Мұнда ойнау – арман. Бірақ бір күні «Реалға» ауысуды қалаймын. Бұл арманымдағы клуб», – деді Леннарт Карл мюнхендік клубтың жанкүйерлерімен өткен кездесу барысында.
Неміс ойыншысы 10 жасында «Реалда» қаралымнан өтіп, «Бернабеуде» ойнаған еді. Бірақ түрлі себептерге байланысты ауыспапты және әкесі ол үшін мүлде өкінбейтінін айтты.
«Ливерпуль» Мессиге ұсыныс жасауы мүмкін
Ла Лига: «Атлетико» сырт алаңда ұпай жоғалтты
«Манчестер Сити» өз алаңында «Челсимен» тең ойнады
Роналду «Әл-Насрдың» сапына «Реал Мадрид» футболшысын шақырды