Тайсон Фьюри рингке оралатынын мәлімдеді
Әлемнің экс-чемпионы Тайсон Фьюри мансабын жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұрын Фьюридің 2026 жылы Энтони Джошуаға қарсы жекпе-жек өткізу үшін боксқа оралуы мүмкін екендігі туралы қауесет тараған.
«2026 жыл - корольдің оралатын жылы. Аз уақыт үзіліс жасадым, бірақ қазір қайтып оралдым. Мен 37 жастамын және жекпе-жек өткізуге дайынмын. Қарсыласты сабап, ол үшін ақша алудан артық ештеңе жоқ», - деп жазды Фьюри әлеуметтік желіде.
Фьюри спорттан кететінін төрт рет жариялады: 2013 жылдың қарашасында, 2017 жылдың шілдесінде, 2022 жылдың сәуірінде және 2025 жылдың қаңтарында.
Қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық нокаутшы АҚШ-тың қай қаласында жекпе-жек өткізетінін жариялады
Әлемдік боксқа керек айқас: Бивол мен Бетербиев трилогиясы неліктен маңызды