«Ливерпуль» Мессиге ұсыныс жасауы мүмкін

«Ливерпуль» Мессиге ұсыныс жасауы мүмкін

«Ливерпуль» Еуропаның алпауыт клубтарының қатарында, МЛС-тің қысқы маусымаралық үзілісі кезінде Лионель Мессиді қысқа мерзімге жалға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz cайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Испаниялық Sport басылымының мәліметінше, келіссөздер қаңтар айындағы уақытша ауысуға бағытталған — бұл Солтүстік Америка лигасының жаңа маусымы наурызда басталғанға дейін жүзеге асуы мүмкін.

Ұйымдастырушылық және қаржылық тұрғыдан бұл мәміле аса күрделі деп есептеледі, дегенмен бірнеше еуропалық клуб аргентиналық аңыз ойыншыға қызығушылық танытып отыр. Идея — Мессиді МЛС-тағы үзіліс кезінде шақырып, оның қазіргі клубымен ұзақ мерзімді келісімшартын бұзбау.

Дереккөздің хабарлауынша, «Ливерпуль» басты үміткерлердің бірі саналады. Клуб әйгілі шабуылшыны шектеулі мерзімге шақырып, тек алаңдағы ойынмен емес, әлемдік имидж бен коммерциялық тартымдылық тұрғысынан да ұжымды күшейтуді көздеп отыр.


Ла Лига: «Атлетико» сырт алаңда ұпай жоғалтты

«Манчестер Сити» өз алаңында «Челсимен» тең ойнады

Роналду «Әл-Насрдың» сапына «Реал Мадрид» футболшысын шақырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или