«Қайрат» «Әлемнің үздік клубы» атағына ұсынылды
«Қайрат» футзал клубы беделді марапатқа ұсынылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматылық команда «Әлемнің ең үздік клубы» санатында 2025 жылғы Futsal Planet Awards сыйлығына ұсынылды. Сондай-ақ, бұл атаққа испаниялық «Картахена» және «Пальма», Аргентинаның «Бока Хуниорс», Тайландтың «Хонгёнг Такам», Бразилияның «Харагуа», Италияның «Мета Катания» және Уругвайдың «Пеньярол» клубтары таласуда. Жеңімпаз 7 қаңтарда жарияланады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» өткен маусымда Чемпиондар Лигасының финалына шығып, «Пальмадан» 4-9 есебімен жеңілген болатын.
Ал, осы маусымда алматылықтар ширек финалында испаниялық «Картехенамен» кездеседі.
«Семей» командасының бұрынғы бапкері бразилиялық клубты жаттықтырады
«Қайрат» тағы бір ойыншымен қоштасты
Ел кубогы: Жеті доп соғылған финалдық матчтың үздік сәттері (видео)