«Қайрат» БАӘ-дегі алғашқы жаттығуын өткізді
«Қайрат» ойыншылары Абу-Дабиде (БАӘ) алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Команданың жаттығуының фотосуреттерін төменде көруге болады.
Айта кетейік, «Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Абу-Дабиде өткізеді, ол 15 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл оқу-жаттығу жиыны барысында қазақстандық клуб Әзірбайжанның «Нефтчи» (9 қаңтар) және Хорватияның «Вараждин» (14 қаңтар) командаларымен ойнайды. Сондай-ақ, «Қайраттың» Чемпиондар Лигасындағы соңғы ойындары қаңтар айында өтетінін атап өткен жөн: «Клуб Брюгге» (20 қаңтар) және «Арсеналға» (29 қаңтар).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или