Фаниль Рафиковтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстандық файтер Фаниль Рафиков (24-7) Instagram парақшасында ресейлік Андрей Гончаровпен (17-4) алдағы жекпе-жегі туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
«Veni, vidi, vici» Келесі аялдама сәуірде болады — сіздерді «жылдың ең үздік жекпе-жегі» күтіп тұр, және айтқанымдай, жеңіс дайындықты жақсы көреді, мен оны жеңу үшін барымды саламын», - деп жазды Рафиков.
Айта кетейік, Фаниль Рафиков пен Андрей Гончаров Fight Night Гран-приінің жартылай финалында жұдырықтасады. Кейінгі жекпе-жегінде Рафиков америкалық файтер Рэй Куперді (25-14-1) төрешілер шешімімен жеңген, ал Гончаров екінші раундта отандасы Владимир Токовты (11-3) нокаутқа жіберген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или