«Алтай» Астанадағы екінші оқу-жаттығу жиынына құрамын жариялады
Өскеменнің «Алтай» командасы Астанадағы екінші оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу жиыны 5-19 қаңтар аралығында Астанада өтеді.
«Алтайдың» оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамы:
Қақпашылар: Ануар Сапаргалиев, Абылхайр Алиакбар, Станислав Павлов;
Қорғаушылар: Гаврил Кан, Досжан Кенжегулов, Сергей Иванов, Тимур Реджепов, Жаннур Кукеев, Дмитрий Шмидт, Темирлан Масалимов, Алимхан Канатбек;
Жартылай қорғаушылар: Алмас Сапарагалиев, Аслан Джанузаков, Бекнур Рыскул, Ораз Сайлаубаев, Захар Гультяев;
Шабуылшылар: Ибрагим Дадаев, Сергей Хижниченко, Адилет Омарбек, Артем Тетерин, Марлен Айманов, Роман Брагин.
Айта кетейік, өткен маусымда «Алтай» Бірінші лигада үшінші орын алып, ҚПЛ-ға жолдама алған болатын.