Қазақстандық ойыншы испаниялық клубпен келісімшарт мерзімін ұзартты
Он жеті жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Алдияр Нұрғали «Левантенің» 19 жасқа дейінгі командасымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрғали испаниялық клубпен келісімшарт мерзімін 2029 жылға дейін ұзартты.
Айта кетейік, жас қазақстандық испаниялық «Леванте» клубында үшінші маусымын өткізіп жатыр. Алдияр Нұрғали сонымен қатар қазіргі уақытта Қазақстан U-19 құрамасында да өнер көрсетеді.
FIFА ҚПЛ-дың топ-клубын жазалады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или