Лео «АФИ Итайпуландия» сапына қосылды

Лео «АФИ Итайпуландия» сапына қосылды


38 жастағы қазақстандық ойыншы Лео Жарагуа Бразилияның «АФИ Итайпуландия» командасының құрамын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Леонардо Мендонка да Роса, яғни Лео, футзалдағы кәсіби жолын Қазақстанда бастап, 2009–2018 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті. Осы кезеңде ол команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, УЕФА Кубогын екі рет және бірнеше ұлттық жүлдені жеңіп алды.

2016 жылы Лео португалиялық «Спортингке» жалға беріліп, 2018 жылы клубпен толыққанды келісімшартқа қол қойды. Португалияда ол Чемпиондар лигасы мен ұлттық біріншілікте жоғары деңгейде ойнады.

Кейін футболшы Оңтүстік Америкаға оралып, Бразилияның «Жоинвиль» клубында, сондай-ақ Латвияның РФШ командасында өнер көрсетті. РФШ сапында 2024/25 маусымында Латвия Кубогын жеңіп алды.

Енді тәжірибелі футзалшы мансабын Бразилияның «АФИ Итайпуландия» клубында жалғастырады.

«Қайрат» тағы бір ойыншымен қоштасты

Ел кубогы: Жеті доп соғылған финалдық матчтың үздік сәттері (видео)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или