Александр Бубликтің Гонконг турниріндегі ықтимал қарсыласы анықталды
Дүниежүзілік рейтингіде 11-орында тұрған қазақстандық Александр Бублик жаңа жылдың алғашқы жарысында 2-ракетка болып тіркелген.
Екінші айналымнан бастайтын А.Бублик рейтингіде 77-орындағы нидерландылық Ботик ван де Зандсхулп немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.
Аталмыш додада сондай-ақ италиялық Лоренцо Музетти, ресейліктер Андрей Рублев, Карен Хачанов сынды теннисшілер өнер көрсетеді.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 97-орындағы Александр Шевченко Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирі іріктеу сайысының жартылай финалында әлемнің 85-ракеткасы, бельгиялық Рафаэль Коллиньонға есе жіберді – 5:7, 4:6
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или