Қазақстан құрамасының қорғаушысы Қарағанды клубында қалады

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Қарағанды клубында қалады


Қазақстан құрамасының футболшысы Михаил Габышев қарағандылық «Шахтер» сапында қалу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz. Өткен жылы 36 жастағы қорғаушы ауыр жарақат алып, шамамен бір жыл емделді.

«Шахтер» Габышевке сенім артып отыр және оны жақын күндері басталатын Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырды. Клубта ол жалпы топпен жаттығып, бабына келіп, «кеншілерге» ҚПЛ-ге қайта оралу жолындағы күресте көмектеседі деп күтілуде.

2022–2023 жылдары Магомед Адиев баптаған Қазақстан құрамасында Габышев негізгі ойыншылардың бірі болды. Ол Словакияға қарсы үй матчында бір гол соғып, бірнеше нәтижелі пасымен көзге түсті.

Михаил Габышев бұған дейін «Восток», «Каспий», «Атырау», «Астана» және «Елімай» клубтарында ойнаған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында барлығы 12 матч өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или