Александр Зуев мансабын «Тобылда» жалғастырады

Александр Зуев мансабын «Тобылда» жалғастырады


Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев мансабын «Тобыл» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz. Мәліметке сәйкес, футболшы қостанайлық клубпен жаңа келісімшартқа қол қояды.

Зуевке басқа клубтар тарапынан, оның ішінде шетелден де қызығушылық болғаны айтылып отыр. Алайда ойыншы «Тобылда» қалуды жөн көрген.

Өткен маусымда Александр Зуев барлық турнирде қостанайлықтар сапында 29 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ол «Тобыл» намысын 2024 жылдан бері қорғап келеді.

Бұған дейін Зуев Ресейде «Арсенал» (Тула), «Крылья Советов», «Химки», «Рубин», «Ростов», «Спартак» (Мәскеу) клубтарында ойнаған. Сонымен қатар оның мансабында Сербияның ИМТ командасы да бар.

«Тобыл» марокколық қорғаушыны қатарына қосады

Дастан Сәтпаев «Қайраттың» қатарынан шығып қалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или