Геге «Қайраттан» кетті
22 жастағы қорғаушы өз парақшасында клубтан кететінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бразилияның жастар құрамасының футзалшысы ретінде «Қайратқа» келген Геге Алматыда өз әлеуетін толық аша алмады, оған жарақаттар да әсер етті.
Қорғаушы алматылық клуб сапына 2023/24 маусымының ортасында қосылған еді. Осы уақыт ішінде ол 45 матч өткізіп, 17 гол соқты. Алайда легионерлер үшін маңызды саналатын Чемпиондар лигасында Геге алаңға өте сирек шықты.
Бразилиялық футзалшының жаңа клубы — Бразилия чемпионатында өнер көрсететін «Трайпу». Өткен маусымда бұл команда ел чемпионатының финалына дейін жетіп, «Atletico-PI»-ден ұтылып, күміс жүлде алған болатын. Жуырда ғана ұжымды Дави Мендонса жаттықтырған.
Бұған дейін Гегені «Атырау» жалға алуы мүмкін деген әңгіме болған, алайда ол нұсқа жүзеге аспады. Қысқы трансфер кезеңі басталмай жатып, «Қайрат» қатарынан үш футзалшымен қоштасты. Бұған дейін клубтан Арриета мен Данил Карпюк кеткен еді.
Ел кубогы: Жеті доп соғылған финалдық матчтың үздік сәттері (видео)