«Челси» Сандро Тоналиге көз тікті

«Челси» Сандро Тоналиге көз тікті


«Челси» клубы 25 жастағы «Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Сандро Тоналиге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Лондондықтар Англия чемпионатында өзін дәлелдеген жартылай қорғаушылар нарығын мұқият зерттеп жатыр.

Дереккөз мәліметінше, «Челси» Тоналиді дәл қазір емес, алдағы жазғы трансфер кезеңінде сатып алу нұсқасын қарастыруда. Қысқы ауысымда бұл мәмілені жүзеге асыру жоспарланбаған.

Ал «Ньюкасл» басшылығы италиялық ойыншыны командада қалдыруға үмітті. Клуб Тоналидің 10 айлық дисквалификациядан кейін қолдау көрсеткен ұжымға адалдық танытуы керек деп санайды.

Қазіргі маусымда Сандро Тонали барлық турнирде 24 матч өткізіп, төрт нәтижелі паспен көзге түсті. Оның «Ньюкаслмен» келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt дерегіне сәйкес, футболшының нарықтағы құны 75 миллион еуроға бағаланады.

Роналду «Әл-Насрдың» сапына «Реал Мадрид» футболшысын шақырды

«Реал Мадрид» жұлдызды футболшысы үшін 100 миллион сұрайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или