Дастан Сәтпаев «Қайраттың» қатарынан шығып қалды
Шабуылшы Дастан Сәтпаев пен жартылай қорғаушылар Олжас Байбек пен Азамат Тұяқбаев БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өтетін команданың алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамға кірмеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Клуб басшылығы бұл ойыншыларды оқу-жаттығу жиынына қоспау туралы шешім қабылдады, себебі олар қазіргі уақытта емделіп, оңалту курстарынан өтіп жатыр.
Бас бапкер Рафаэль Уразбахтиннің басшылығымен БАӘ-дегі алғашқы оқу-жаттығу жиынына 25 ойыншы қатысады. ОЖЖ 4-15 қаңтар аралығында өтеді.
Команда Әзірбайжанның «Нефтчи» (9 қаңтар) және Хорватияның «Вараждин» (14 қаңтар) командаларына қарсы екі жолдастық матч өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или