«Тобыл» марокколық қорғаушыны қатарына қосады
Қостанайлық «Тобыл» мароккалық жартылай қорғаушы Амин Талалмен келісімшарттың барлық шарттарын келісті, деп хабарлайды Prosports.kz журналист Эльдар Аманбаевтың телеграм-арнасына сілтеме жасап.
29 жастағы африкалық хавбек қостанайлық клубқа тегін өтеді деп айтылуда.
Футболшының «Ахматпен» келісімшарты аяқталған соң өзге клубтардан да бірнеше ұсыныс түскені мәлім, алайда оның таңдауы «Тобылдың» келесі маусымда еурокубоктерге қатысатыны шешуші фактор болған.
Ағымдағы маусымда мароккалық жартылай қорғаушы грозныйлық клуб сапында төрт матч өткізді.
Ислам Чесноков Шотландияға жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или