Жалғас Жұмағұлов: Мен үшін ММА — жай ғана спорт емес

Жалғас Жұмағұлов: Мен үшін ММА — жай ғана спорт емес

Қазақстандық ММА жауынгері, OKTAGON лигасының чемпионы Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz cайты sportplus.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен үшін ММА — жай ғана спорт емес. Бұл — мінез, тәртіп, төзімділік және ел намысы. Әр жолы октагонға шыққанда, өзімді ғана емес, туған Қазақстанымды да бірге алып шығамын деп сезінемін. Әлемдік ареналарда көк туымызды көтеру — мен үшін үлкен жауапкершілік әрі зор мақтаныш.

Бұл жолдың оңай болмағаны анық. Жеңілістер де, ауыр сынақтар да болды. Бірақ мен ешқашан тоқтаған емеспін. Өйткені мені алға жетелейтін бір ғана күш бар — ол менің еліме деген сүйіспеншілігім.

Спортшыларды, жастарды және елімізді халықаралық деңгейде танытып жүрген азаматтарды қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымды білдіремін.

Бұл қолдау бізге сенім, жігер және алға ұмтылатын күш береді. Әрбір жекпе-жегім — Қазақстан үшін. Әрбір қадамым — елімнің намысы үшін. Алға, Қазақстан!»

Желтоқсан айының соңында Жалғас Жұмағұлов Давид Дворжакты техникалық нокаутпен жеңіп, өз титулын сәтті қорғады. Осылайша ол OKTAGON лигасының тарихында аса жеңіл салмақта чемпиондық белбеуін қорғаған алғашқы спортшы атанды.


Шавкат Рахмоновтың әлемдік рейтингтегі орны төмендеді

UFC чемпионы октагонға қашан оралатынын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или