«Реал Мадрид» жұлдызды футболшысы үшін 100 миллион сұрайды

«Реал Мадрид» жұлдызды футболшысы үшін 100 миллион сұрайды

Бразилиялық шабуылшы Родригоның «Реал Мадридтен» кетуі мүмкін екендігі туралы жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Экрем Конурдың айтуынша, ұсыныс шамамен 100 миллион еуро болған жағдайда ғана «Лос-Бланкос» Родригоны сатуды қарастыруға дайын. Әйтпесе, ойыншы клубта қалады. Дереккөздің мәліметінше, қазіргі уақытта Родригоны сатып ала алатын жалғыз клуб - француздық «ПСЖ».

Бразилиялық ойыншыға «Арсенал», «Челси», «Ливерпуль» және «Манчестер Сити» де қызығушылық танытуда.

Биылғы маусымда 24 жастағы Родриго барлық жарыстарда 21 матчқа қатысып, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или