«Астана» шабуылшысы РПЛ клубына ауысады
«Астананың» нигериялық шабуылшысы Джеффри Чинеду мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Топи за Крылья» Telegram арнасының хабарлауынша, 28 жастағы ойыншы «Крылья Советовпен» ұзақ мерзімді келісімшартқа отырады.
Самара клубы бұған дейін «Астанамен» Чинедудың ауысуы туралы келісімге келген болатын.
Нигериялықтың қазақстандық клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың маусымында аяқталды.
Джеффри Чинеду «Астанада» 2024 жылдан бері ойнады. Осы уақыт ішінде шабуылшы 54 матч өткізіп, 27 гол соғып, төрт голдық пас берді.
FIFА ҚПЛ-дың топ-клубын жазалады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или