FIFА ҚПЛ-дың топ-клубын жазалады
Қостанайдың «Тобыл» командасына FIFА трансферлік тыйым салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық футбол федерациясының ресми сайтының хабарлауынша, 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдегеріне 2025 жылдың 28 желтоқсанынан бастап жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салынды. Санкциялардың себебі белгісіз, бірақ ұйымның мәліметі бойынша, мұндай тыйымдар қаржылық даулар немесе нормативтік талаптарды сақтамау сияқты әртүрлі тәртіп бұзулар үшін қолданылуы мүмкін.
ҚПЛ-дың өткен маусымында Қостанай клубы 54 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орын алды. «Тобыл» сонымен қатар 2025 жылғы Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Айта кету керек, «Тобыл» 2021 жылы да трансферлік тыйымға ұшыраған болатын. Дегенмен, кейінірек клуб бұл FIFА тарапынан техникалық қателік болғанын түсіндірді.
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Абу-Дабиде өткізеді