Түркмениялық клуб Криштиану Роналдуға қарсы ойын көрсетеді

Түркмениялық клуб Криштиану Роналдуға қарсы ойын көрсетеді

Түркмениялық «Аркадаг» клубы АФК Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бірінші матч 10–11 ақпанда «Аркадаг» алаңында өтеді, кезекті кездесулер 18–19 ақпанға жоспарланған. Турнирдің финалы 16 мамыр да өтеді. «Аль-Наср» құрамында бес мәрте «Алтын доп» иегері, 2016 жылғы Еуропа чемпионы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойнайды.

Айта кетелік, бұл кездесулер Азия футбол конфедерациясының жеребесіне сәйкес анықталды және Азиядағы клубтық футболдағы ең маңызды сайыстардың бірі болып саналады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или