Белоруссиялық спортшылар Олимпиада-2026-ға қатыса ала ма? ХОК жауап берді

Белоруссиялық спортшылар Олимпиада-2026-ға қатыса ала ма? ХОК жауап берді

Халықаралық Олимпиада комитеті Беларусь спортшыларының 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

ХОК мәліметінше, бұған дейін қабылданған шешім өзгеріссіз қалды. Беларусь өкілдері Олимпиадаға тек бейтарап мәртебеде және ел атауынсыз жеке өз атынан ғана қатыса алады.

 «Қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты ешқандай жаңа өзгеріс жоқ. Спортшылардың бейтарап қатысуына қатысты қолданыстағы ережелер толық сақталады» деді ХОК президенті Кирсти Ковентри.

Айта кетелік, қазіргі уақытта Беларусьтен төрт спортшы Олимпиадалық лицензия иеленген. Атап айтқанда, шаңғышы Анна Мачехина, тау шаңғышысы Мария Шканова, мәнерлеп сырғанаушы Виктория Сафонова және конькимен жүгіруші Марина Зуева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или