Хорватиялық футболшы Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Хорватиялық футболшы Қазақстан азаматтығынан бас тартты

Хорватиялық футболшы, «Астана» клубының ойыншысы Марин Томасов Қазақстан азаматтығын алмау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл жөнінде журналист Александр Троицкий мәлімдеді.

Томасовтың бұл шешімі Қазақстанға деген көзқарасына емес, тұрмыстық және құқықтық мәселелерге байланысты. Атап айтқанда, азаматтық ауыстыру жылжымайтын мүлікке құқық, салық міндеттемелері, сондай-ақ отбасылық және мұрагерлік мәселелерге әсер етеді. Троицкийдің сөзінше, егер Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынбағанда, Марин Томасов ел азаматтығын алуы да мүмкін еді, себебі ол Қазақстанда ұзақ уақыттан бері тұрып келеді.

Айта кетелік, Марин Томасов көптен бері «Астана» футбол клубының негізгі ойыншыларының қатарында өнер көрсетіп жүр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или