Олимпиада-2026: Қазақстан туын кім ұстайды? Министрлік күтпеген мәлімдеме жасады

Олимпиада-2026: Қазақстан туын кім ұстайды? Министрлік күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстан Туризм және спорт министрлігі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында ел туын кім ұстайтыны туралы тараған ақпараттың жалғандығын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында конькишілер Яна Хан мен Денис Никиша Қазақстан құрамасының туын ұстайды деген ақпаратты жоққа шығарылды. Бұл туралы спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Аламединова «Sportbugin» сайтына берген сұхбатында айтты.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта ұлттық құраманың толық құрамы әлі қалыптасқан жоқ. Олимпиада жолдамалары үшін күрес жалғасып жатыр. Барлық ресми мәліметтер Туризм және спорт министрлігінің ресми ресурстарында жарияланады. БАҚ өкілдерін ресми ақпаратты қосуға шақырамыз» деді баспасөз хатшысы.

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары ретінде аталған спортшыларға қатысты қоғам тарапынан наразылық білдірілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или