«Страсбурдың» бас бапкері «Челсиді» басқаруы мүмкін
«Страсбурдың» бас бапкері Лиам Росеньор «Челсиді» басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Telegraph Sport басылымының хабарлауынша, Лондон клубының бірнеше негізгі ойыншылары Росеньордың бапкерлікке тағайындау мүмкіндігін талқылаған.
«Челсидің» бас бапкері лауазымы 1 қаңтарда Энцо Мареска жұмыстан кеткеннен бері бос тұр.
Росеньор 41 жаста. Ағылшындық бапкерлік мансабын 2018 жылы «Брайтонның» жастар құрамасында көмекші болып бастады. Содан кейін ол «Дерби Каунтиде» Филип Коку мен Уэйн Рунидің штабында жұмыс істеді. 2022 жылдан 2024 жылға дейін Росеньор «Халл Ситиді» басқарды, содан кейін «Челсидің» серіктес клубы «Страсбурге» тағайындалды.
Роналдудың командасы Сауд Арабиясы чемпионатында алғашқы жеңілісіне ұшырады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или