«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Абу-Дабиде өткізеді
Алматының «Қайрат» командасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 4-15 қаңтар аралығында БАӘ-нің Абу-Даби қаласында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
4 қаңтарда команда маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына Біріккен Араб Әмірліктеріне барады. Абу-Дабидегі дайындық 15 қаңтарға дейін жалғасады және оңтайлы физикалық дайындыққа қол жеткізуге және ресми матчтарға дайындалуға бағытталған.
Жаттығу жиыны барысында «Қайрат» екі жолдастық кездесу өткізеді:
9 қаңтар – Әзербайжанның «Нефтчиіне» қарсы
14 қаңтар – Хорватияның «Вараждиніне» қарсы
Айта кетейік, сары-қаралар 20 қаңтарда Астанада Бельгияның «Брюгге» клубымен ойнайды, ал 28 қаңтарда Лондонда УЕФА Чемпиондар Лигасының соңғы ойынын ағылшындық «Арсеналға» қарсы өткізеді.
Ресми: Александр Заруцкий «Ақтөбе» ойыншысы атанды