«Астана» шабуылшысынан айырылды: Чинеду жаңа клубқа ауысты

«Астана» шабуылшысынан айырылды: Чинеду жаңа клубқа ауысты

«Астана» футбол клубының шабуылшысы Джеффри Чинеду Ресейдің «Крылья Советов» командасымен келісімшартқа отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

28 жастағы нигериялық шабуылшы Чинеду «Астанадан» «Крылья Советов» клубына ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды. Трансфер сомасы шамамен 315 млн теңгені құрады.

Чинеду 2024 жылы Қытайдың «Ляонин» клубынан «Астанаға» қосылған. Соңғы маусымда ол 31 матч өткізіп, 11 гол соғып, 2 голдық пас берген. Transfermarkt порталы оның құнын 900 мың еуро деп бағалады.

Айта кетелік, КПЛ-2025 қорытындысы бойынша Чинеду «Астананың» ең үздік бомбардирлер тізімінде үшінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или