Олимпиада чемпиондары салықтан босатылады

Олимпиада чемпиондары салықтан босатылады

Германия Олимпиада чемпиондарын жүлде салығынан толық босатты. Германияда Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақыларға салық салынбайтын болды,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Германия парламентінің жоғарғы палатасы жаңа салық заңын мақұлдады. Енді неміс спортшылары 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында (6–22 ақпан), сондай-ақ Паралимпиада да (6–15 наурыз) алған жүлделік сыйақыларынан салық төлемейді. Бұған дейін кейбір спортшылар сыйақының 50 пайыздан астамын салық ретінде төлеуге мәжбүр болған.

Сонымен қатар Германия спортшыларына төленетін жүлде көлемі де артты. Енді алтын медаль үшін — 30 мың еуро(17млн тг) , күміс жүлде үшін — 20 мың еуро (11 млн тг) беріледі. Бұл бұрынғыдан 5 мың еуроға көп. Ал қола медаль үшін төлем өзгеріссіз қалып, 10 мың еуроны құрайды.

Айта кетелік, сонымен қатар төртінші мен сегізінші орын алған спортшыларға бұдан былай ақшалай бонус берілмейді. Оның орнына олар Германияның спортқа қолдау қоры арқылы өзге қаржылай көмек түрлеріне үміткер бола алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или