13 секундтық нокаут: Өзбекстандық файтер чемпион атанды

13 секундтық нокаут: Өзбекстандық файтер чемпион атанды

Өзбекстандық ММА өкілі Ильхом Назимов «Rizin FF» турнирінде қарсыласын сұлатып түсіріп чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жапонияның Сайтама қаласында өткен «Rizin FF» кешінде Ильхом бразилиялық Роберто де Соузаға қарсы октагонға шықты. Үш раундқа жоспарланған титулдық жекпе-жек небәрі 13 секундта-ақ аяқталды.

Қарсыласының аяққа өту әдісін нақ аңғарған Назимов тіземен қарсы соққы жасап, бразилиялық файтерді күтпеген нокаутқа түсіріп тастады. Осы жеңістен кейін өзбек спортшысы жеңіл салмақтағы чемпион атанды.

Айта кетелік, Назимов бұл жекпе-жекке қысқа мерзімде келісіп, жарақат алған жапониялық Шунта Номураның орнына шыққан болатын.

Емельяненко октагонға толыққанды оралуға ниетті

Бұрынғы UFC чемпионы 2026 жылы көргісі келетін 5 жекпе-жекті атады

Шара Буллет октагонға қашан оралатынын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или