«Махачев пен Чимаевтің басты қаруы - балуандық әдіс» - Гейбл Стивсон
АҚШ-тың атақты балуаны, Олимпиада чемпионы Гейбл Стивсон UFC-де Ислам Махачев пен Хамзат Чимаевтің не себепті қарсыластарынан басым түсіп жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ол Джо Роганның подкастында мәлім етті.
Стивсонның сөзінше, мықты күрес әдістері Ислам Махачев пен Хамзат Чимаевті өзгелерден ерекшелендіріп отыр.
«Қазір UFC-де күресті бірінші орынға қоятын жігіттер жеңіске жетуде. Бұған ең жақсы мысал — Махачев пен Чимаев. Олар үнемі қысым көрсетіп, қарсыласына күреспен санасуға мәжбүрлейді. Ал қарсылас ес жиып үлгермей жатып, соққыларын қоса бастайды» деді Стивсон.
Айта кетелік, Ислам Махачев UFC-дің жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы болса, Хамзат Чимаев орта және жартылай орта салмақтарда жеңіліссіз өнер көрсетіп келеді.