Бибісара Асаубаеваның әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды
Бибісара Асаубаеваның Халықаралық шахмат федерациясының жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қаңтар айындағы FIDE рейтингінде Асаубаева 2497 ұпаймен 11-орынға жайғасты.
Рейтингтің көшін 2613 ұпаймен қытайлық шахматшы Хоу Ифань бастап тұр. Сондай-ақ үздік үштікке Қытай өкілдері Чжу Цзиньэр (2579 ұпай) мен Лэй Тинцзе (2569 ұпай) бар.
Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева мансабында үшінші рет блиц шахматтан әлем чемпионы атанып, II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Бибісара Асаубаеваға мемлекет басшысынан жоғары марапат
Қазақстандық шахматшы блиц бойынша әлем чемпионатының финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или