Дамир Бекбосынов күрес федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды
Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Дамир Бекбосынов Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ұлттық күрес түрлерін дамытуда айтарлықтай басқарушылық тәжірибеге ие. 2023 жылдан бері Дамир Бекбосынов Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры қызметін атқарып, қазақ күресін жүйелі түрде дамыту, халықаралық деңгейде насихаттау бағытында бірқатар бастамаларды іске асырды.
Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап ол ұлттық күрес түрлері бойынша United World Wrestling (UWW) халықаралық ұйымының Атқарушы комитетінің құрамына енді. Бұл – қазақстандық маманның әлемдік күрес қауымдастығындағы беделін көрсететін маңызды қадам.
Қарағандыда күрес түрлерінен Нұркен Әбдіровты еске алуға арналған турнир өтті
Алмат Кебіспаев Алматы қаласында басшылық қызметке тағайындалды
UWW Әлемдік рейтингі: Қазақстандық балуандар маусымды қалай аяқтады