WADA норвегиялық биатлоншының өлімінен кейін маңызды шешім қабылдады

WADA норвегиялық биатлоншының өлімінен кейін маңызды шешім қабылдады

2025 жылдың соңында норвегиялық биатлоншы Сиверт Баккен қайтыс болды. Ресми тұлғалар өлімнің себебін әлі жариялаған жоқ, алайда оның жанынан табылған оттегі маскасы күдік тудырып, маңызды шешімдер қабылдануына себеп болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Норвегияның Олимпиада комитеті өз спортшыларына биіктікті имитациялайтын маскаларды қолдануға тыйым салған еді. Енді бұл бағытты Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік те (WADA) ұстануы мүмкін, өйткені бұл құрылғыларға қызығушылық артып отыр.

WADA оттегі маскалары арқылы жеті мың метрге дейінгі биіктікті жасанды түрде жасау спортшыларға ешқандай пайда әкелмейтінін, тіпті тыныш күйде қолданғанда өлімге әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл құрылғылар ешқандай дайындық бағдарламасына кірмейді.

Verdens Gang басылымының мәліметінше, жақын арада WADA оттегі маскаларын пайдалануға медициналық бақылаусыз тыйым салуы мүмкін. Алдағы айларда бұл мәселе дауысқа салынуы ықтимал.


Қазақстандық спортшылар төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді

Қысқы Олимпиада ойындарына дайындалу үшін 13,2 млрд теңге бөлінген

Қазақстандық спортшылар Германиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или