«Абэ орнында болсам, мен де жасымды тыя алмайтын едім» - Өзбек дзюдошы Келдиёрова

«Абэ орнында болсам, мен де жасымды тыя алмайтын едім» - Өзбек дзюдошы Келдиёрова

Париж Олимпиадасында жапониялық Ута Абэні ойсырата жеңген өзбекстандық Диёра Келдиёрова жеңілсе, дәл қарсыласындай жас төгуі мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Өзбек дзюдошы Диёра Келдиёрова Париж Олимпиадасында жапониялық Ута Абэнің жеңілістен кейінгі эмоциялары туралы айтты. Бұл туралы ол «Газета.уз» сұхбатында мәлім етті.

«Ута Абэмен мен 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында кездескенмін, тактикасын білетінмін. Бірақ жеңістен кейін әлеуметтік желілерде оның жылаған видеосы тарап, адамдар «сіз де оны аяушылық сезімі болмады ма?» деп сұрап жатты. Спортта қарсыласқа аяушылық көрсетуге болмайды. Егер мен Абэнің орнында болсам, мен де жасымды тыя алмайтын едім. Өйткені Олимпиада жолы тек сен, жақындарың және бапкеріңе ғана мәлім, басқаларға ол байқалмас тірлік» деді.

Айта кетелік, бұған дейін өзбекстандық дзюдошының ана атанғаны хабарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или