Данияр Елеусінов өз рейтингісінен күтпеген жерден түсіп қалды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) Boxrec.com сайтының жаңартылған рейтингісінде бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әуелде Елеусінов Қазақстанның үздік боксшылары арасында төртінші орында болса, қазір бесінші орынға ығысты. Оның алдында Бекман Сойлыбаев (21-1, 12) келіп, желтоқсанның соңында Өзбекстан боксшысы Абдулло Кучкаровпен (6-1, 5 ) өткізген жекпе-жегінің нәтижесі жазылды.
Соңғы жекпе-жегін Данияр Елеусінов шілде айында өткізген: ол америкалық боксшы Джеймс Бэконды (26-6, 17) екінші раундта нокаутпен жеңген.
Айта кетелік, жоғарыда аталған жекпе-жектен кейін Қазақстан боксшысы әлі шаршы алаңға шыққан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или