Данияр Елеусінов өз рейтингісінен күтпеген жерден түсіп қалды

Данияр Елеусінов өз рейтингісінен күтпеген жерден түсіп қалды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) Boxrec.com сайтының жаңартылған рейтингісінде бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әуелде Елеусінов Қазақстанның үздік боксшылары арасында төртінші орында болса, қазір бесінші орынға ығысты. Оның алдында Бекман Сойлыбаев (21-1, 12) келіп, желтоқсанның соңында Өзбекстан боксшысы Абдулло Кучкаровпен (6-1, 5 ) өткізген жекпе-жегінің нәтижесі жазылды.

Соңғы жекпе-жегін Данияр Елеусінов шілде айында өткізген: ол америкалық боксшы Джеймс Бэконды (26-6, 17) екінші раундта нокаутпен жеңген. 

Айта кетелік, жоғарыда аталған жекпе-жектен кейін Қазақстан боксшысы әлі шаршы алаңға шыққан жоқ.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или