Криштиану Роналду алғаш рет жылды хет-триксіз аяқтады
Әлем футболының аңызы Криштиану Роналду үшін 2025 жыл ерекше көрсеткішпен аяқталды. Португалиялық шабуылшы 16 жылдан бері алғаш рет бірде-бір хет-трик жасай алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әл-Наср» клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2025 жылы бір ретте хет-трик авторы атана алмады. Бұл жағдай оның мансабында 2009 жылдан бері алғаш рет тіркелді.
Өтіп бара жатқан жылы 40 жастағы Роналду «Әл-Наср» сапында және Португалия ұлттық құрамасында барлығы 41 гол соқты. Жалпы португалиялық футболшының еншісінде 957 гол бар.
Айта кетелік, 5 ақпанда аты аңызға айналған шабуылшы 41 жасқа толады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или