Жозе Моуринью «Челсиге» қайта оралуға ниетті
Португалиялық бапкер Жозе Моуринью лондондық «Челсиден» ұсыныс түссе, команданы қайта тізгіндеуге дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазір «Бенфиканы» жаттықтырып жүрген Жозе «Челсидің» бас бапкері болуға ниетті. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Indykaila News хабарлады. Алайда дереккөз мәліметінше, «Челси» басшылығы Моуриньюге онша қызығушылық танытпауы мүмкін, себебі клубқа заманалы, жас бапкер қажет.
Айта кетелік, Моуринью «Челсиді» 2004–2007 және 2013–2015 жылдары басқарған. Ағылшын Премьер-лигасының биылғы маусымында лондондық клуб 19 турдан 30 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынға жайғасты. Команда көш бастап тұрған «Арсеналдан» 15 ұпайға артта қалып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или