Неймар «Сантоспен» жаңа келісімшартқа отырды
«Сантостың» жұлдызды шабуылшысы Неймар бразилиялық клубпен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы танымал журналист және инсайдер Фабрицио Романо әлеуметтік желіде хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, 33 жастағы шабуылшы клубта кем дегенде 2026 жылдың желтоқсанына дейін қалады.
33 жастағы шабуылшының бразилиялық клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Биылғы маусымда ойыншы клуб сапында Бразилия лигасында 20 ойын өткізіп, сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Transfermarkt мәліметі бойынша, шабуылшының трансферлік құны 10 миллион еуро.
Әлемдегі ең қымбат жартылай қорғаушы белгілі болды
Қазақстандық миллиардердің клубы Англиядағы матчта ұпай жоғалтты
«Астон Вилланы» тоқтату қиын. Эмери шәкірттері Лондонда жеңіске жетті