Әлемдегі ең қымбат жартылай қорғаушы белгілі болды

Әлемдегі ең қымбат жартылай қорғаушы белгілі болды

Transfermarkt беделді аналитикалық ресурсы ойыншылардың трансферлік құнын бағалауды жаңартып, әлемдегі ең қымбат жартылай қорғаушылардың жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реал Мадрид» және Англия құрамасының жұлдызы Джуд Беллингем тізімде көш бастады – сарапшылар оны қазіргі футболдағы ең құнды жартылай қорғаушы деп санайды. 22 жастағы ойыншының нарықтық құны 160 миллион еуроға жетті.

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Педри екінші орынға ие болды. 23 жастағы испаниялықтың бағасы 140 миллион еуро және ол каталондық клуб үшін де, ұлттық құрама үшін де маңызды тұлға болып қала береді. «Баварияның» таланты Джамал Мусиала үшінші орынға ие болды, ал 22 жастағы неміс ойыншысы 130 миллион еуро бағамен үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық миллиардердің клубы Англиядағы матчта ұпай жоғалтты

«Астон Вилланы» тоқтату қиын. Эмери шәкірттері Лондонда жеңіске жетті

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы түрмеге жабылуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или