Әбиба Әбужақынова шетелдік бапкерлер туралы пікір білдірді

Әбиба Әбужақынова шетелдік бапкерлер туралы пікір білдірді

Отандық дзюдода кейінгі жылдары табысты өнер көрсетіп жүрген Абиба Әбужақынова шетелден келген бапкерлер жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұған дейін біз салмақ қуу үшін 20 минут жүгіретін едік. Қазір олай емес. Татамиде күресіп, қуып тастаймыз. Олардың жүйесі басқаша. Жүгірген сәтте аяқ әлсірейді деп санайды. Қарапайым жүгіргенде тек аяқ жұмыс істейді. Ал татамиде белдескенде аяқтан бөлек, қол да жұмыс істейді. Екеуі екі түрлі. Нәтижесін де ақырындап көріп жатырмын. Жарыстарда көп шаршамаймын. 1 жыл бойы жаңа бағдарламамен жаттығып келе жатырмыз. Енді 1 жылдан кейін нәтижесін көре жатармыз», - деді Абиба Әбужақынова.

Ол өткен әлем чемпионатында күміс медаль алған сәтін де еске түсірді.

«Жаһандық доданың алдында Эцио Гамба менен «жүлде алуға дәмелісің бе» деп сұрады. Мен бұған дейін қола жүлдегер атанғанымды айтып, тек чемпион болуға баратындымды жеткіздім. Финалда юко әдісіне түсіп қалмағанымда, алтын медаль аламын деп ойлағанмын. Кейінгі бір жылда бұл әдіс юко болып есептеледі. Бапкерлер мені құттықтамады. Себебі, олар менен алтын медаль күткен еді», - деп Абиба Әбужақынова әлем чемпионаты жайлы айтты.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова 2025 жылғы әлем чемпионатында финалға шыққан ел тарихындағы алғашқы отандық ару атанған болатын.

Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингінің көшбасшысы ретінде аяқтады

Әбиба Әбужақынова марапатқа ие болды

Дзюдодан өткен жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өз мәресіне жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или