Бауыржан Исламхан: «Қайрат» — маған ең жақын клубтардың бірі
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Бауыржан Исламхан алматылық «Қайратқа» оралу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» — маған ең жақын клубтардың бірі. Бір кезең ойнамағанымнан кейін «Ордабасыға» ауыстым, сондықтан оларға хабарласатын сәт болмады», — деді футболшы.
Сонымен қатар, Исламхан клуб бақылау кеңесінің төрағасы Кайрат Боранбаев оны қолдар еді деп сенім білдірді.
«Мен Қайрат Советаевичпен байланыстамын, соңғы рет КФФ марапаттау рәсімінде кездестік», — деп қосты ол.
Исламхан 2014–2019 жылдары «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, командаға төрт Қазақстан Кубогы (2014, 2015, 2017, 2018) және екі Суперкубок (2016, 2017) жеңуге көмектесті.
Ресми: Александр Заруцкий «Ақтөбе» ойыншысы атанды
«Ақтөбе» ФК сапына украиналық қорғаушы қосылды
Қазақстандық шабуылшы ҚПЛ клубымен қоштасты