Бибісара Асаубаева Tata Steel Chess 2026 турниріне қатысады

Бибісара Асаубаева Tata Steel Chess 2026 турниріне қатысады

Блиц шахматтан Дохада (Қатар) өткен әлем чемпионатында топ жарған Бибісара Асаубаева баспасөз жинынында өз эмоциясымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мұнда келгендегі басты мақсатым — ФИДЕ үміткерлер турниріне іріктеуден өту болды. Бірақ өз мансабымдағы үшінші титулды да жеңіп алуды қаладым. Осы мақсатқа қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Биыл әлем чемпионы атану өте қиынға соқты. Себебі, бұған дейін 2021 және 2022 жылдары жеңімпаз тек швейцариялық жүйе бойынша анықталатын еді. Биыл біз тек 15 турдан тұратын швейцариялық жүйеден бөлек, жартылай финал мен финалда ойнауға тура келді. Енді қаңтар айында Нидерландта өтетін Tata Steel Chess 2026 турниріне қатысамын», - деді Бибісара Асаубаева.

Әлем чемпионы атағы үшін таласуға мүмкіндік беретін кандиттар турниріне өткен шахматшылар:

  1. Чжу Цзинер (Қытай)
  2. Александра Горячкина (Ресей)
  3. Дивья Дешмукх (Үндістан)
  4. Конеру Хампи (Үндістан)
  5. Тан Чжунъи (Қытай)
  6. Вайшали Рамешбабу (Үндістан)
  7. Катерина Лагно (Ресей)
  8. Бибісара Асаубаева (Қазақстан)


Айта кетейік, Бибісара Асаубаева осыған дейін 2021 және 2022 жылдары блиц шахматтан әлем чемпионы атанған.

2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында тек Екатерина Лагно мен Бибісара Асаубаева ғана үш дүркін әлем чемпионы атағына ие.

Бибісара Асаубаеваға мемлекет басшысынан жоғары марапат

Қазақстандық шахматшы блиц бойынша әлем чемпионатының финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или