«Ақтөбе» сапын украиналық қорғаушы толықтырды
«Ақтөбе» ФК сапына украиналық қорғаушы Иван Ордец қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақтөбе» футбол клубы қорғаныс шебін тәжірибелі ойыншымен толықтырды. Украина құрамасының экс-қорғаушысы Иван Ордец келесі маусымнан бастап команда сапында өнер көрсетеді.
Иван Ордец Еуропаның ірі чемпионаттарында, соның ішінде Германия Бундеслигасында «Бохум» клубында, сондай-ақ Украинаның «Шахтер» (Донецк) командасында ойнаған. Биіктігі 1,95 метр болатын қорғаушының тәжірибесі мен физикалық дайындығы «Ақтөбенің» қорғанысын күшейтеді деп күтілуде», - делінген клуб хабарламасында.
«Жетісу» қорғаныс шебін күшейтті
«Қайрат» түлегі Бірінші лигаға аттанды
Қазақстандық шабуылшы ҚПЛ клубымен қоштасты
«Қайсар» академиясының құрылысы басталатын уақыт белгілі болды