Қорғаушы Әділхан Добай өзіне жаңа команда тапты
Талдықорғандық «Жетісу» 23 жастағы қазақстандық қорғаушы Әділхан Добайдың командаға қайта оралғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Добай футболдағы жолын «Оңтүстік Академиясы» мен «Ордабасы» клубтарының жастар құрамаларында бастаған, сондай-ақ «Мақтаарал» мен «Ертіс» сапында өнер көрсеткен. 2024 жылы ол «Жетісу» намысын қорғаған, ал өткен маусымда Павлодар клубы сапында Бірінші лигада 19 матч өткізді.
Сонымен қатар, футболшы Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларына (U17, U19, U21) шақырылған, ал 2024 жылы ұлттық құраманың негізгі командасынан алғаш рет шақырту алды.
Transfermarkt дерегінше, ойыншының нарықтық құны - 150 мың еуро.
«Қайрат» түлегі Бірінші лигаға аттанды
Қазақстандық шабуылшы ҚПЛ клубымен қоштасты
«Қайсар» академиясының құрылысы басталатын уақыт белгілі болды