RIZIN турнирінде қазақстандық файтер айқасты жалғастыра алмады

RIZIN турнирінде қазақстандық файтер айқасты жалғастыра алмады


Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек Жапонияның Сайтама қаласында өткен RIZIN турнирінде жекпе-жекті соңына дейін жеткізе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай жеңіл салмақтағы кездесуде оның қарсыласы K-1 ұйымының бұрынғы чемпионы Юта Кубо болды.

Айқас бірінші раундта тоқтатылды. Кубоның көзге саусағы тиіп кеткеннен кейін Қаршыға Дәуітбек жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын мәлімдеді.

32 жастағы Қаршыға Дәуітбек бұл кездесуге 18 жеңіс, 3 жеңіліс көрсеткішімен шыққан. Ол RIZIN-де қатарынан төрт рет жеңіп, жалпы ММА-да он жекпе-жектен бері жеңіліс көрмеген еді.

38 жастағы Юта Кубоның ММА-дегі көрсеткіші — 5 жеңіс, 2 жеңіліс. Ол бұған дейін Раджабали Шайдуллаевтан жеңіліп, сол жекпе-жектен кейін қайта оралған. Кикбоксингте Кубо 61 айқаста 49 рет жеңіске жетіп, K-1 Гран-приінің жеңімпазы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или