Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін
Әлем чемпионы Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
The Ring журналисі Майк Коппинджер боксшының менеджері Вадим Корниловқа сілтеме жасап хабарлағандай, ресейлік чемпион үшін ең ықтимал қарсылас IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер саналатын Германия өкілі Михаэль Айферт болып отыр.
Дереккөз мәліметінше, дәл Айферт Биволдың жарақаттан кейінгі алғашқы жекпе жегіне ең қолайлы нұсқа ретінде қарастырылуда. Бұған дейін спортшының бапкері Геннадий Машьянов 2025 жылдың тамызында жасалған операциядан кейінгі оңалту шамамен алты айға созылатынын айтқан. Қалпына келу бел омыртқа тұсындағы бұлшықеттерді күшейтумен байланысты.
Күтіліп отырғандай, Дмитрий Бивол 2026 жылдың көктемінде рингке қайта оралып, чемпиондық белбеуін міндетті түрде қорғауы тиіс.