Шотландиялық клуб қазақстандық вингерді күтіп отыр
Шотландияның «Хартс» клубының бас бапкері Дерек Маккиннес қазақстандық вингер Ислам Чесноков команда орналасқан жерге апта соңында келетінін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маманның айтуынша, футболшы жұма күні, сенбідегі матчтың қарсаңында ұшып келеді. Алайда ойыншыны тіркеу рәсімі тағы бірнеше күнге созылуы мүмкін.
«Ислам жұма күні, сенбідегі ойынның алдында келеді. Оны тіркеуге екі-үш күн қажет болуы ықтимал. Бұл біз әсер ете алатын мәселе емес, бірақ оның келуін асыға күтіп отырмыз», — деді Маккиннес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или