Аморим «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік нарықтағы жұмысын бағалады

Аморим «Манчестер Юнайтедтің» трансферлік нарықтағы жұмысын бағалады

Қысқы трансферлік терезенің ашылуы алыс емес. Әдетте, бұл уақытта белсенді әрекеттер клубтағы үрейдің белгісі саналады, бірақ «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Рубен Аморим мұндай қысымға жол бергісі келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты sports24.kz-ке сілтеме жасап.

Португалиялық маман қысқы трансферлік кезеңнің өте күрделі екенін айтып, маңызды келісімдерді мүмкіндігінше жазға қалдыру керектігін жеткізді. Сол себепті ол клуб басшылығына қандай да бір жаңа ойыншыларды міндетті түрде алып келуді талап етпейтінін атап өтті.

«Біз үнемі сөйлесіп отырамыз, мәселе қазір қаңтарда тұрған жоқ. Трансферлік терезе ашық, және біз не істей алатынымызды түсінуіміз керек. Бұл тек кімді шақыра алатынымызға ғана емес, сондай-ақ құрамымызда не болатынына да қатысты.

Қазір мен ең алдымен өз ойыншыларымды қатарға қосу жайын ойлаймын, сондықтан Джейсон Уилкокске немесе Омар Беррадаға барып, жаңа футболшы сұрағалы есігін қағатын ниетім жоқ.

Олар бізге не қажет екенін біледі, бірақ мен де бізде белгілі бір процесс барын түсінемін. Біз сенімді түрде әрекет еткіміз келеді, өткендегі қателіктерді қайталамау үшін. Кейбір сәттерде шыдау керек болса, шыдаймыз, бірақ екі қадам алда болуға тырысамыз — бәлкім, жазда. Қаңтардағы трансферлік нарық өте қиын, сондықтан көреміз», — деді Аморим Sky Sports-қа.


Қазақстандық миллиардердің клубы Англиядағы матчта ұпай жоғалтты

«Астон Вилланы» тоқтату қиын. Эмери шәкірттері Лондонда жеңіске жетті

Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы түрмеге жабылуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или